Сурет tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынған
"Ғашықтар мерекесі күні Павлодарда екі ғашық автокөлік ішінде тұншығып өлді" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Жедел хабарламадан белгілі болғаны, 20 жасар бозбала пен 19 жасар бойжеткеннің өлі денелері Камзин көшесінде орналасқан гараждардың бірінде тұрған көлік ішінен табылған. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, ақпанның 14-нен 15-не қараған түні бозбала мен бойжеткеннің ата-аналары полицияға хабарласып, балаларының жоғалғанын айтқан. Келесі күні жастар өлі күйде табылған. Павлодар облыстық ІІД, «қайғылы жағдай орын алды. Қозғауышы жұмыс істеп тұрған көлік ішінде газдан уланып қалған» деп мәлімдеді. Туыстарының айтуынша, жастар жақын арада шаңырақ көтеруді жоспарлап жүрген екен.
"Ғашықтар мерекесі күні Павлодарда екі ғашық автокөлік ішінде тұншығып өлді" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты
Жедел хабарламадан белгілі болғаны, 20 жасар бозбала пен 19 жасар бойжеткеннің өлі денелері Камзин көшесінде орналасқан гараждардың бірінде тұрған көлік ішінен табылған. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, ақпанның 14-нен 15-не қараған түні бозбала мен бойжеткеннің ата-аналары полицияға хабарласып, балаларының жоғалғанын айтқан. Келесі күні жастар өлі күйде табылған.
Павлодар облыстық ІІД, «қайғылы жағдай орын алды. Қозғауышы жұмыс істеп тұрған көлік ішінде газдан уланып қалған» деп мәлімдеді.
Туыстарының айтуынша, жастар жақын арада шаңырақ көтеруді жоспарлап жүрген екен.