"Газ бен тежегішті шатастырып алған": Алматыда көлік қағып кеткен жаяу жүргінші қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Газ бен тежегішті шатастырып алған": Алматыда көлік қағып кеткен жаяу жүргінші қаза болды Фото: instagram.com/almatynews_kaz

Алматыда көлік жаяу жүргіншілер жолында адамдарды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік жаяу жүргіншілер жолында адамдарды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаяу жүргіншілердің бірі қайтыс болды. Тағы бір әйел ауруханада жатыр.

Әйелдердің туыстарының айтуынша, жүргізуші көлікті тұраққа қойып жатып газ бен тежегішті шатастырып алған.

"Бүгін бұл көлік тәтемді қағып өлтірді, жаяу жүргіншілір жолында. Тағы бір адам ауыр жағдайда. Жамбыл-Фурманов көшесінде жаяу келе жатқан", - деп жазды әйелдердің туысы.

Алматы полициясының мәліметінше, 4 тамызда таңертең Назарбаев даңғылы мен Жамбыл көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды.

"Оқыс оқиға салдарынан 1955 жылы туған жаяу жүргінші қайтыс болды. Адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети