Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды Жайлаубек Халықұлы, "Хабар" арнасының кадры

Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бекет бақылаушысы тергеу-қамауға алынған Ж. Халықұлын таңғы сағат 7-де тапты. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қабылданған шараларға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы механикалық асфиксия нәтижесінде қайтыс болғанын анықтады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық ҚАЖД басшылығы келді. Басқа ұсталғандармен әңгіме жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз іс-әрекеттер дерегі анықталған жоқ", - делінген хабарламада.

Қазір Облыстық департамент қызметкерлері қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Еске салайық, мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстары Ішкі істер департаменттерін басқарған полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлын әшкерелеген болатын.

Жайлаубек Халықұлы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін алдау арқылы ақшалай қаражат пен мүлікті алды деген күдікке ілінген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети