Ғимаратқа кіріп кеткен: Желіде видеосы тараған қарағандылық жүргізуші ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғимаратқа кіріп кеткен: Желіде видеосы тараған қарағандылық жүргізуші ұсталды

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желіде видеосы тараған көлік жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желіде видеосы тараған көлік жүргізушісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ведомсвто мәліметінше, жексенбіге қараған түні Қарағанды қаласының 28 жастағы тұрғыны асқан жылдамдықпен келіп, қоғамдық тамақтандыру ғимаратына кіріп кеткен. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан жасырынып, үйге жетуге тағы бір әрекет жасаған. Жүргізуші бір шағынаудан маңында ұсталды. Әйел медициналық тексеруден өтуден бас тартқан.

"Полицейлер бұл деректі тіркеп, оған барлық материалдарды жинап, Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберді. Кезекші судьяның қаулысы бойынша, ҚР ӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігі, 611-бабы 2-бөлігі және 613-бабы 4-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықтар үшін жиырма сегіз жастағы қала тұрғынына 15 тәулік әкімшілік қамауға алу және 8 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, құқықбұзушы кафе иесіне келтірілген залалды төлеуге мәжбүр болады", - делінен хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети