Голландиялық велошабандоз Boeing-777 ұшақтарындағы апаттан екі рет аман қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голландиялық велошабандоз Boeing-777 ұшақтарындағы апаттан екі рет аман қалған Мартен де Йонг. Фото: eurosport.ru

Голландиялық велошабандоз Мартен де Йонг екі мәрте малайзиялық ұшақтарда болған апатты айналып өткен. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голландиялық велошабандоз Мартен де Йонг екі мәрте малайзиялық ұшақтарда болған апатты айналып өткен. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.

Малайзиялық TSG велокомандасында өнер көрсететін де Йонг бейсенбі күні Украинаның Донецк облысы, Грабова ауылына құлаған ұшаққа мінуі мүмкін еді. Бірақ соңғы сәтте арзандау билет тауып, Boeing-777 ұшағының билеттерін кері өткізген. 

Ал бұған дейін ол наурыз айында Куала-Лампурден Пекинге қатынауға тиіс, бірақ аспанға көтерілгеннен кейін 15 минуттан соң ұшты-күйлі жоғалып кеткен Boeing-777 ұшағына билет алған. Ол кезде спортшы Тайваньда өтетін веложарысқа бара жатқан. Бірақ, кейінен ол Пекин арқылы ұшып, жолды ұзартқысы келмей, билетін тағы да ауыстырып алған екен. 

"Әрине, мен бұл екі сәтте де ұшақ апатқа ұшырайтынын білген жоқпын. Қаза болған адамдардың туыстарына қайғырып, көңіл айтамын. Дегенмен де мен ол ұшақтың ішінде болмағаныма қатты қуаныштымын. Егер мен ұшақтың ішінде болсам, қазір қаза болғандардың қатарында болар едім", - дейді де Йонг.

Еске салайық, 17 шілде күні Донецкі облысында Malaysia Airlines авиакомпаниясына қарасты ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Ұшақта болған 298 адамның бәрі опат боған. Амстердамнан Куала-Лумпурге бағыт алған лайнер бортында 192 нидерландылық, 44 малайзиялық, 27 австралиялық, 12 индонезиялық, 10 британдық, 4 германиялық, 4 бельгиялық, 1 канадалық, 1 жаңазеландиялық азамат болған.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети