Қорғаныс министрлігі өкілдері Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде граната жарылысынан зардап шеккен екі әскери қызметкер туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қорғаныс министрлігі өкілдері Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде граната жарылысынан зардап шеккен екі әскери қызметкер туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"99116 әскери бөлімінің қызметкерлері Кошелев С. В. және Жаманбаев Б. А. оқу полигонында гранатаның үзілуінен жарақат алды. Құзыретті органдар тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға болған жерде әскери-құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деді Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің басшысы Данияр Әлжанов.
"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жарақат әскери қызметшілердің қауіпсіздік шараларын бұзуы салдарынан болған", - деді ол.
Сондай-ақ, Данияр Әлжанов қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша 21 шілдеде Сергей Кошелевті әскери бортпен Нұр-Сұлтанға тасымалдау жоспарланғанын атап өтті.
Бұған дейін БАҚ өкілдері граната жарылысынан зардап шеккен Сергей Кошелев туралы хабарлаған. Ол бір көзінен айырылды және қолын кесіп алып тастауға тура келді.