Грант ұтып алған 19 жастағы семейлік қыз бір айдан бері табылмай жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грант ұтып алған 19 жастағы семейлік қыз бір айдан бері табылмай жатыр Жансая Сафаева. © Устинка LIVE

19 жастағы семейлік Жансая Сафаеваның жоғалып кеткеніне бір айдан асты, - деп хабарлайды Устинка LIVE.

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 жастағы семейлік Жансая Сафаеваның жоғалып кеткеніне бір айдан асты, - деп хабарлайды Устинка LIVE.

Туыстарының айтуынша, ол тапа-тал түсте ұшты-күйлі жоғалған. 2017 жылдың 14 шілдесінде күндізгі сағат 16.00 шамасында Жансая "Универмаг" дүкені маңындағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. 

Оны іздеуге еріктілер қосылды. 

"Туыстарының айтуынша, Жансая жоғалар алдында оқуға грантқа түскен. Үйден кетіп қалуына да себеп болған жоқ. Ұялы телефоны сөндірулі. Туыстары полицияға арыз түсірді", - деп хабарлады RINA. KZ-Семей" еріктілер қозғалысының лидері Евгения Павел.

Жоғалған күні Жансаяның үстінде ақ-қара кофта, джинс, аспалы әмияны болған. Белгілері: сол қолының білегінде кішігірім тыртық бар. Қыздың туыстары мен еріктілер ол жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8-747-349-57-17, 8-115-623-76-71 немесе 102.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети