Гүлдала ауылындағы газ жарылысы: тағы бір адам қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлдала ауылындағы газ жарылысы: тағы бір адам қаза тапты Фото: © instagram/almobl_akimat

Алматы облысы Гүлдала ауылында болған газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әйелдің өлімі туралы ақпарат Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханада расталды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Гүлдала ауылында болған газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әйелдің өлімі туралы ақпарат Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханада расталды.

Бұған дейін денесінің 95 пайызын күйік шалған 32 жастағы ер адам қаза болғаны хабарланған болатын.

"Ауыр жарақаттардың салдарынан кеше таңертең 1991 жылы туған науқас қаза болды, ал 2003 жылы туған әйел түнде есін жимай қайтыс болды, денесін 3-4 дәрежелі күйік шалған", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 желтоқсанда Алматыдан алыс емес Гүлдала ауылында жеке үйлерде газ жарылып, адамдар зардап шеккен болатын. Олар ауруханаға жатқызылған.

Әкімдіктің мәліметінше, оқиға Байтұрсынов көшесі, 67-үйде сағат 6:15-те және Сүйінбай көшесі, 34-үйде 8:20-да болған. Жарылыс газ-ауа қоспасының жарылуынан болған.

Жарылыс салдарынан төрт адамның жарақат алғаны хабарланды. Алдын ала себеп - табиғи газ құбырындағы қысымның көтерілуі.

kris_p_talgar паблигі мәліметінше, тұрғындар таңертең ерте – таңғы сағат төрттер шамасында үйлерінде газ иісін сезе бастаған. Содан кейін олар бұл туралы бір-біріне айта бастағана.

По информации паблика, помимо двух домов, где произошли взрывы, пострадали и другие жилища, там погорели газовые плиты и кухни.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети