Хромтауда (Ақтөбе облысы) 15 жастағы мектеп оқушысы төртінші күн іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Хромтауда (Ақтөбе облысы) 15 жастағы мектеп оқушысы төртінші күн іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Өткен сенбіде таңертең Леня Ищенко әдеттегідей сабаққа кетеді, бірақ мектепте де, үйде де оны ешкім көрмеген. Жасөспірімнің ата-анасы уайымдап жатыр. Олардың айтуынша, Леня - момын және көп уақытын үйде өткізетін бала. Сол күні ол сабаққа барғысы келмеген, бірақ ата-анасы оны сабақтан қалмауға міндеттеген.
Қазіргі уақытта мектеп оқушысы аудан орталығында ғана емес, жақын ауылдарда да іздестіріліп жатыр. Іздестіру туралы хабарлама қала бойынша ілінген. Леняны полицейлер мен еріктілер іздеп жатыр.
Жергілікті полицейлер Леонидтің жоғалып кету себебін ата-анасымен ұрысып қалуынан деп есептейді. Жасөспірім әкесі мен шешесіне ренжіп, кетіп қалған көрінеді. Баланың туысқандары да солай ойлайды.
Леняның анасы "Мой ГОРОД" порталына берген сұхбатында баласын біреулер алып кетуі мүмкін екенін де айтты. "Ол өзі қашып кете алмайтын еді. Мұндай жағдай болмаған. Бұған себеп те жоқ", - деді Лилия Ещенко.