"Иә, ол менің ұлым" - Дәулет Тұрлыханов Алматыда соққыға жығылған заңгерлердің оқиғасы туралы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Иә, ол менің ұлым" - Дәулет Тұрлыханов Алматыда соққыға жығылған заңгерлердің оқиғасы туралы Фото:olympic.kz

Алматыда заңгерді соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда заңгерді соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растады.

"Ол кәмелетке толған адам. Иә, ол менің ұлым. Жасаған әрекетіне өзі жауап береді. Ол бойынша нақты шешімді құқыққорғау органдары қабылдайды", - деп жауап берді Дәулет Тұрлыханов Tengrinews.kz сайтының тілшісіне.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі заңгерді соққыға жыққаны хабарланған болатын.

Бұл оқиға туралы заңгер Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған. Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалған.

Күдікті әскери адам болғандықтан, қазір іс материалдары соттылығын анықтау үшін қалалық Прокуратураға жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети