28 мамыр 2018 | 09:01

Интернетті шулатқан видеоның қайда түсірілгені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы уақыттары Қазақстан мен Қырғызстандағы әлеуметтік желілерде келіншектің кішкентай баланы сабаған видеосы тарады. Видеодағы әйел пышақ ұстап алған. Таяуда Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев видеодағы әйелдің іздестіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Қырғызстанның құқық қорғау органдары жантүршігерлік видеожазбаны тексерген. Kaktus.media қырғыз порталының редакциясы шағын зерттеу жүргізіп, видеоның Қырғызстанда да, Қазақстанда да түсірілмегенін анықтапты. Олардың айтуынша, видео - монтаж емес. 

Иконка комментария блок соц сети

"Жазба биыл 1 мамырда түсірілген, оқиға Перуде болған. Алған жарақатынан бала қайтыс болды. Баланы сабап жатқан әйел оның шешесі. Камераға әкесі түсіріп тұрған", - деп жазады басылым. 

Видео перудің Юнгайо қалашығында түсірілен. Жас ата-ана он айлық баланың мәйітін полицияға өзі алып келген. Олар баламыз қатты ауырды деп, ауруханаға барара жолда қайтыс болды деп мәлімдеген. Олар полициядан мәйітханаға жіберетін құжат алу үшін келген. 

Полицейлер оларға арнайы құжат берген, алайда жауап алу кезінде ата-ананың қылмысқа қатысы бар деп күдіктене бастаған. Сөйтіп, жантүршіктірер видео Перуде таралып кеткен. Бұл жазбаны көрген полицейлер қаскөйлерді қамауға алған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети