Интернетте Ақтау орталығында жалаңаш жүрген ер адам туралы видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернетте Ақтау орталығында жалаңаш жүрген ер адам туралы видео пайда болды © lada.kz

Интернетте Ақтаудың орталығында жалаңаш жүрген ер адам туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл видео "Лада" порталында жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернетте Ақтаудың орталығында жалаңаш жүрген ер адам туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл видео "Лада" порталында жарияланды.

Порталдың мәліметінше, оқиға 31 мамырда болуы мүмкін. Әлеуметтік желілерде жалаңаш ер адамның арақ ұрлауға әрекеттенгені жазылған.

"Ер адам бір бөтелке арақ ұрламақшы болған, сондықтан оны күзетшілер ұрып-соғып, шешіндіріп, жалаңаш күйі күндіз көшеге қуып шыққан көрінеді. Олар оның барлық киімін шешіп алған. (...)", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, видеодан ер адамның дүкендегі қыздарға барып, жамылатын бір нәрсе сұрағанын көруге болады, қыздар оған футболка берді. 

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға мамыр айында Астанада болды. Ер адамның жалаңаш жүргені бейнеленген видеоны қолданушылар Instagram әлеуметтік желісіне жүктеді. Видеожазбада ер адам еш қымсынбастан жалаңаш денесімен елордадағы Уәлиханов атындағы көшенің бойымен кетіп бара жатады. Оның артынан көшедегі адамдар айғайлайды, бірақ ол мән бермей, серуенін жалғастыра береді. Кейін Астана көшелерінде жалаңаш серуендеген ер адамның кім екені анықталып, ол үш тәулікке қамалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети