Интернетте апельсин үшін жұлысқан қарағандылық екі әйелдің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернетте апельсин үшін жұлысқан қарағандылық екі әйелдің видеосы пайда болды © Instagram ekaraganda.kz

Интернетте екі қарағандылық әйелдің арасында болған төбелестің видеосы пайда болды. Екі әйел де ұсталып, осы дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәгерлер базарда болған екі әйелдің жанжалын түсіріп, Интернетке жүктеген. Кадрлардан екі әйелдің бір-біріне орындықтар мен басқа заттарды лақтырып, ал ер адамның оларды ажыратпақ болғаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, әйелдер арасындағы жанжал апельсин үшін болған. Олардың бірі екіншісінен апельсинін рұқсатсыз алған екен.

Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, қазіргі уақытта екі әйел де ұсталды. "Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне тіркелді. Әйелдердің неліктен төбелес шығарғаны анықталып жатыр", - деді Бақытжан Құдияров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети