09 қараша 2015 13:18

Интернетте жігіттің қодықты қорлап жатқаны түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube видеоролигінен алынған кадрлар YouTube видеоролигінен алынған кадрлар

Қазақстан ІІМ жігіттің қодықты қорлап жатқаны түсірілген видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан ІІМ жігіттің қодықты қорлап жатқаны түсірілген видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрдан ер адамның қодықты көтеріп алып, жерге бірнеше рет лақтырғанын көруге болады. Оператор жігіттің бұл әрекеттерін "қазақша күрес" деп атады. Қысқаша видеоролик Интернетте пайда болып, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Қолданушылар видеоны қызу талқыға салып, жануарды қорлаған жігітке қатысты сыни пікірлерін бөлісті.

Tengrinews.kz бұл видеоны ҚР ІІМ-ге жолдады. Министрліктегілер материалдың тексеріліп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, белгілі заңгер Джохар Өтебеков Қазақстанда жануарларды қорлау, егер ол мертігіп қалса ғана қылмыстық сипат алатынын мәлімдеді. "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі егер жануар мертікпесе жазаға тартуды қарастырмайды. Сондықтан видеороликтегі жағдай бойынша, жануарды қорлаған адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту зардап шеккен есектің жағдайына байланысты болады. Менің ойымша, бұл заңнамадағы жетімсіздік. Құқық бұзушылардың кім екені анықталса, ұсақ бұзақылық үшін олардың әкімшілік жауапкершілікке тартылулары мүмкін", - деп түсіндірді заңгер.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР Қылмыстық кодексі жануарларға қатыгездік танытуды қылмыстық теріс қылық деп есептейді және ол қылмыс болып саналмайды. Егер мұндай әрекеттерді бір топ адам істесе оларға 500 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 300 сағатқа дейін түзету жұмысына жегіледі немесе 90 тәулікке дейін қамауға алынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети