1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Интернетте "Пойыз машинистері киіктердің үйірін қағып кетпекші болды" деген видео жарияланды

© YouTube.com © YouTube.com

Интернетте "Пойыз машинистері киіктердің үйірін қағып кетпекші болды" деген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлер бұл видеоға қатысты түсінік берді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек ҚР ІІМ көліктегі ІІД-де тіркеліп, қазір тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, осы оқиғаға қатысы бар тұлғалар анықталатын болады. 

Еске сала кетейік, биыл Қазақстан аумағында (Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында) киіктер жаппай қырылды. Соңғы мәліметтер бойынша, қырылған киіктердің саны 120 мыңнан асты. Жаппай қырылуға дейін Қазақстанда киіктер саны 300 мың бас болған.