Интернеттен бағдарламаларды заңсыз көшірген қазақстандық азамат сот алдында жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернеттен бағдарламаларды заңсыз көшірген қазақстандық азамат сот алдында жауап берді Фото © РИА Новости сайтынан алдынды

Интернеттен бағдарламаларды заңсыз көшірген қазақстандық азамат сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернеттен бағдарламаларды заңсыз көшірген қазақстандық азамат сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сотталушы Қ авторлық құқықтардың объектілері болып саналатын туындылардың контрафактілік даналарын заңсыз жеке компьютерге орнатып, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға бағытталған ниетпен "1С: Кәсіпорын 7.7", "1С: Кәсіпорын 8.1" контрафактілі коммерциялық бағдарламаларын ғаламтор жүйесіндегі ақпаратқа кіріп заңсыз көшіріп алып, сақтаған", - делінген ақпаратта.

"Осыдан кейін сотталушы Қ жоғарыда аталған коммерциялық бағдарламаларды тарату және пайдалану "1С" АҚБ-на ерекше құқықпен тиесілі екендігін біле тұра пайда табу ниетімен азамат Н-ның жеке компьютеріне "1С: Кәсіпорын 7.7", "1С: Кәсіпорын 8.1" коммерциялық бағдарламаларының контрафактілік данасын заңсыз орнатып, осы қызметі үшін ақысы ретінде 8 000 теңге алып, ол қаржыны өз мақсатына пайдаланған".

Сондай-ақ, "Сотталушы Қ-ның осы қылмыстық іс-әрекеті салдарынан "ИнфоСофтПром" ЖШС-не 578 400 теңге шығын келіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 184-бабының 2-бөлігінде қаралған қылмысты жасаған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сот сотталушы Қ-ны жәбірленуші тараппен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі өндірістен қысқартты.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети