23 қаңтар 2017 | 14:46

Интим суреттерді таратамын деп ақша бопсалаған шымкенттік сот залында еңіреп жылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Otyrar.tv © Otyrar.tv

Шымкентте Интернет арқылы қызбен танысып, оның интим суреттері үшін ақша бопсалаған ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Айта кетейік, ер адам жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте Интернет арқылы қызбен танысып, оның интим суреттері үшін ақша бопсалаған ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Айта кетейік, ер адам жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.

Ол былтыр жазда Интернет арқылы бір қызбен танысып, кездесе бастаған. Бірақ бір айдан соң ол қыздан 10 миллион теңге талап еткен. Ол қыздың интим суреттерін Желіге таратып жіберемін деп қорқытқан. Содан қыз полицейлерге арыз жазып, ер адам қыркүйек айының соңында ұсталған.

Сот тергеуі барысында 30 жастағы ер адамның аса ірі көлемдегі қаражатты бопсалағаны дәлелденді. Сотталушы соңына дейін жаза жеңілдетіледі деп сенген. Алайда оның бұл қылмысы үшін жаза жеңілдетілмейді екен.

Басылымның мәліметінше, сотталушы үкім шыққан соң еңіреп жылап, соттан отбасына қарауын сұраған. Алайда сот мұның сот органдары қызметкерлеріні құзыретінде емес екенін айтқан. Енді ер адам 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.

Айта кетейік, осыған дейін облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасындағылар Шымкенттің 28 жастағы тұрғынынан әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамның ақша бопсалағаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети