Иранда құлаған ұшақ салдарынан 39 адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда құлаған ұшақ салдарынан 39 адам қаза болды

Тегеран қаласындағы "Мехрабад" әуежайының маңында құлаған ұшақ салдарынан 39 адам қаза болып, 9 адам ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости Иранның транспорт министрі орынбасары Ахмед Меджиди сілтеме жасап.

Taban Airlines рейсі Тегераннан иранның Табас қаласына ұшып бара жатқан. Иранда шығарылатын шағын Iran-141 ұшағы жергілікті уақыт бойынша 9.18-де (Астана уақыты бойынша 10.48) құлаған. Ұшақ әуежайдан енді ғана көтерілген кезде, халық өте тығыз орналасқан ауданда құлаған. Айта кетейік, Иран 52 жолаушы сиятын Iran-140 ұшағын украиналық АН-140 ұшақ базасында құрастырған.

Ұшақтың құлау себебін қозғалтқыштың істен шығып, экипаждың ұшақты басқара алмай қалғаны деп айтылуда.

Бұған дейін апатқа ұшыраған Iran-141 ұшағы құлап бара жатқан кезде өмірлерін сақтап қалу үшін ұшақ бордтынан бес адам секіріп кеткенін хабарлаған болатынбыз. Оның ішінде тек үшеуі ғана аман қалды. Ал соңғы деректер бойынша апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде 40 жолаушы және 7 экипаж мүшелері болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети