Ішімдікке мас жастар Алматы орталығында жантүршігерлік жол апатын жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішімдікке мас жастар Алматы орталығында жантүршігерлік жол апатын жасады © "Территория происшествий"

Алматыда 18 сәуір күні түнде Сәтбаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 18 сәуір күні түнде Сәтбаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Екі жолаушы отырған Mazda Xedos жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, жоғары жылдамдықпен Mercedes жүк көлігіне барып соғысқан. Салдарынан фургон арық жаққа қарай ұшып кетіп, жеңіл көліктің тас-талқаны шыққан. 

Mazda көлігінің алдыңғы орындығында отырған жолаушы ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, жапон көлігінің жүргізушісі де зардап шеккен. Тағы бір жолаушы ауруханаға барудан бас тартты.

Кейінірек жастардың Бәйтерек ауылындағы (бұрынғы Новая Алексеевка) тойдан келе жатқаны белгілі болды. Жолаушылардың бірі олардың алдына кенеттен бір көліктің тоқтағанын және сол себепті оңға бұрылып, Mercedes көлігімен соғысып қалғанын айтты. 

Сондай-ақ, жол апаты кезінде жүргізуші мен жолаушылардың бірінің мас екені белгілі болды. Үшінші жолаушы да мас болған делінеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети