"Жағдай өте күрделі". Жер астына түсіп кеткен автобусты іздестіру барысы айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Валерия Бугаева Фото Валерия Бугаева

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" АҚ аумағында жер астына түсіп кеткен автобусты іздеу операциясы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Павлодар облысындағы "Майқайыңалтын" АҚ аумағында жер астына түсіп кеткен автобусты іздеу операциясы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ондағы жағдай өте күрделі, ауыр, мамандар жерді зерттеп, автобустың шамамен қай жерде орналасқанын анықтады. Бұл құрылғы ол жерде шынымен металл бар екенін көрсетеді, бірақ, өкінішке қарай, автобустан кейін де бос орын бар. Онда құтқарушылар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Біріншіден, бұл, әрине, нөлден төмен температура. Екіншіден, құтқарушылар мен жұмысшылардың өз өмірі мен денсаулығына қауіп бар. Егер, Құдай сақтасын, топырақ жылжыса, адамдарды тартып кетуі мүмкін", - деді ол.

Вице-министр құтқарушылар автобустың астында қанша бос орын барын білмейтінін, бұл құтқару жұмыстарын одан әрі қиындатып жатқанын атап өтті.

"Әрине, ол жерде барлық қауіпсіздік шарасы сақталған, бүгінде автобус жатқан жердің бүйірінен техника түсіруге мүмкіндік туды. Қазірдің өзінде 2 мың текше метрден аса топырақ шығарылды, кеше ғана бес текше метрлік экскаваторды түсірдік және ол дәл автобустың үстінде жатқан топырақты ақырын шығара бастады.

(...) Біз барлық басқа елдің тәжірибесін зерттедік, шынын айту керек, мұндайды еш жерден кездестірген жоқпыз. Бұл бізде - Қазақстанда да бірінші рет", - деді Сыздықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro