"Жақсылықты ұмытпадық". Шекарада қалып қойған қазақстандықтарға ингушетиялықтар тамақ жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жақсылықты ұмытпадық". Шекарада қалып қойған қазақстандықтарға ингушетиялықтар тамақ жасады Видео кадры

Ингушетия республикасының Назрань қаласының тұрғындары федерал тасжолда қалып қойған алысқа қатынайтын қазақстандық жүргізушілерге кешкі ас жасап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ингушетия республикасының Назрань қаласының тұрғындары федерал тасжолда қалып қойған алысқа қатынайтын қазақстандық жүргізушілерге кешкі ас жасап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүк көліктерінің жүргізушілері кешкі ас дайындап жатқан жергілікті тұрғындарды видеоға түсіріп алған. Видео авторының сөзінше, жүргізушілер Назрань қаласынан бірнеше шақырым, шекарадан 70-80 шақырым жерде тұрғандарын айтады. 

Instagram-дағы алысқа қатынайтын жүргізушілердің тобында жарияланған видеода жол бойында тұрған бірнеше жүк көлігі көрсетілген. 

"Шекараға дейін әлі 70-80 шақырым. Жергілікті тұрғындар жүргізушілерге кешкі ас дайындап жатыр. Рақмет сіздерге, жігіттер", - дейді ролик авторы. 

Жергілікті тұрғындардың бірінің сөзінше, жүргізушілердің жолда тұрғанына үш күн болған. 

"Біздің бауырларымыз мына жерде тұрғанын, ешқайда шыға алмай тұрғанын көрдік. Көмектесейік деп ойладық. Үйімізге жақын жерде тұрса үйге алып барар едік. Бірақ олар федерал тасжолда, үйімізден алыс жерде тұрғандықтан жолда ыстық тамақ жасап, бауырлас қазақстандықтарға қалай да көмектесуді ойладық. Себебі біз олардың 1944 жылдары біздің әкелерімізге, аталарымызға жасаған жақсылықтарын ұмытпадық. Сондықтан, бауырлар, сіздерге рақмет, біз оны ұмытпадық", - дейді жергілікті тұрғын. 

Видео сипаттамасында ролик 19 наурызда түсірілгені жазылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вмести сила (@_kz_dalnoboi)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети