"ВКонтакте" және Instagram желілеріндегі "За тебя, Бәке | ZTB" тобында жарияланған видео жұрттың талқысына түсті. Роликте ер адамның өз жалақысын бопсалағаны көрінеді.
"ВКонтакте" және Instagram желілеріндегі "За тебя, Бәке | ZTB" тобында жарияланған видео жұрттың талқысына түсті. Роликте ер адамның өз жалақысын бопсалағаны көрінеді.
Оқиғаның қайда және қашан болғаны әзірше белгісіз.
"Осындай жағдайға жеткізді. Ер адам жалақысын бопсалап жатыр", - делінген видеоның сипаттамасында. Роликте егде жастағы ер адам өз жалақысын сұрайды, соған қарағанда оның айлығы кешіккен. Ол барлық жұмысының өз мерзімінде аяқтағанын және істелген жұмысына ешқандай да шағымның болмағанын айтады. Алайда белгісіз бір себептермен жұмыс берушісі жалақысын бермеген. Видеоны жұмыс беруші тараптың бір өкілі түсірген.
Ер адам нақты жауап ала алмаған соң тапаншасын шығарып, "операторға" кезейді. Желідегі кейбір қолданушылар бұл видеоның жасанды екенін айтып жатыр. Бірақ пікір жазғандарың басым бөлігі ер адамның үлкен сомаға жеткен ақшасын ала алмай жүргенін айтып отыр. Instagram желісіндегі топқа жазылған пікірлерде кейбір қолданушылар ер адамның 700 мың сомасындағы қаражатты ала алмай жүргенін айтқан. Фирма нысанды өткізіп болған соң басқа қалаға көшіп кеткен деседі. Ал осы әрекеті үшін, қолданушылардың мәліметінше, ер адам шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылған.