08 мамыр 2015 | 12:36

Жамалиевтің қорғаушысы Әлібидің соққыға жығылу себебін ашуға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Кәсіпкер Жамалиевтің қорғаушысы Мұхамбетқали Шайхин өзінің қорғауындағы азаматтың Әліби Жұмағұловты соққыға жығуына себеп бар деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы Есіл аудандық сотынан.


Иконка комментария блок соц сети

Кәсіпкер Жамалиевтің қорғаушысы Мұхамбетқали Шайхин өзінің қорғауындағы азаматтың Әліби Жұмағұловты соққыға жығуына себеп бар деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы Есіл аудандық сотынан.

Тілшілер Шайхинге: "Ол Әлібиді белгілі бір себеппен ұрды ма?", - деген сұрақ қойды.

"Менің ойымша, ия, ұруға себеп бар", - деді қорғаушы.

"Жамалиев Әлібиді ұрғанын мойындайды. Дегенмен, жәбірленуші оның үйіне өзі келген. Қорғаушылар істің материалдарымен таныстырған кезде сіздер бұл туралы толық білетін боласыздар. Оның не себепті ұрғаны сол кезде айтылады", - деді ол.

Қорғаушының айтуынша, Жамалиевтің туыстары жәбірленушіден бірнеше рет кешірім сұраған. Дегенмен, ол жағдайды өзгертпепті.

"Оның әкесінің үйіне бірнеше рет бардық. Мен бірнеше рет оның қорғаушысымен хабарластым. Бұған заңда рұқсат етілген. Бұл пікірін өзгертуін сұрау емес, жай ғана кешірім сұрау. Қазақтар қарым-қатынасты жақсарту мақсатында кешірім сұрайды", - деді Шайхин.

Ол Қайрат Жамалиевтің Әлібиді ұрғанын мойындайтынын, дегенмен оның көлігін тартып алғанын жоққа шығаратынын айтты. "Ол беделді кәсіпкер. Жамалиевтің Жұмағалиев көрсетіп отырған автомобилінен құны бірнеше есе жоғары болатын көліктері бар", - деді қорғаушы.

Мұхамбетқали Шайхин қорғауындағы азаматтың істеген ісіне сай жазалануын қалайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Жамалиев ұсталды. Оның Lexus, Mercedes және Lamborghini автомобильдеріне тыйым салынды. Сот оған тергеу амалдары біткенше екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары қылмыстық іс бойынша айыпталып отырған Жамалиевтің иелігіндегі барлық орындарға "байкот" жариялау мәселесін көтерді.

Тергеу амалдары ҚР Ішкі істер министрі мен бас прокурордың жеке бақылауына алынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети