Таразда Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы, генерал Жанат Сүлейменовтің өлімі расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таразда Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы, генерал Жанат Сүлейменовтің өлімі расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
"Жанат Сүлейменов қайтыс болғаны рас. Бірақ қандай жағдайда қайтыс болғаны анықталып жатыр", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Істің мән-жайы анықталып жатыр.
Жанат Сүлейменов 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді. Түрлі жылдары есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеттерді, криминалдық полицияны, көліктегі полиция департаменттерін, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Полиция департаментін басқарды. 2017-2019 жылдары Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Жанат Сүлейменов 2020 жылдың ақпан айында Қордай ауданындағы оқиғалардан кейін тағайындалған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!