Жамбыл облысында 19 оқушы мен 2 студент "Синий кит" ойынының қатысушысы болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың "Синий кит" өлім ойынынан балаларды қорғау бойынша алдын алу шараларының алдын ала қорытындылары бойынша жиынында айтылды.

"Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша бұл ойынға тартылғандардың саны 19-ға жетті және колледждің екі студенті бар, бірақ бұл есепке әлеуметтік желілердегі осы аттас топтарға жазылған, бірақ аса белсенді емес қолданушылар кірмеген. Бұл балаларға тән ортақ қасиет - қолдарында жарақаттың болуы, олармен қазіргі уақытта психологтар жұмыс істеп жатыр, біреуіне психиатрдың көмегі қажет болды, себебі олар ойынның соңғы кезеңіне келіп жеткен", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, облыс прокуратурасының балалар арасындағы суицид оқиғаларының алдын алу мақсатында 450 мектептің педагогтарымен семинар-кеңес өткізіліп жатқаны айтылады. Бұл кеңеске облыстық психдиспансер мен наркодиспансер мамандары қатысып жатыр екен.
Мұнымен қатар, облыстағы барлық мектепте ата-аналар жиналысы өткізілген. Сондай-ақ, балалардың денесіндегі жарақаттардың бар-жоғы тексерілген. Табылған жағдайда психологпен ата-анасымен қатысуымен жұмыс жүргізіледі екен. Балалардың ұялы телефондары да тексеріліп жатыр.
Мұнымен бірге, облыс орталығындағы мектептерде оқушылардың порнографиялық, букмекерлік сайттарға кіретіні анықталыпты. Тіпті сабақ үстінде порнофильм көрген оқушылар анықталған. Сондай-ақ, оқушылардың "Синий кит" ойыны туралы видеоролик көргені белгілі болған.
"Жиын қорытындысында осы көрсетілген деректер бойынша ішкі істер органдарына процессуалдық шешім қабылдау ұсынылды. Прокуратура қызметкерлері сайттарды тексеруін жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.