Жамбыл облысында 4,1 балдық жер сілкінісі болды

Жамбыл облысында 4,1 балдық жер сілкінісі болды Фото: Tengrinews.kz мұрағатынан

Жамбыл облысында 4,1 балдық жер сілкінісі болды деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің Сейсмикалық сынамалы-әдістемелік экспедиция комитетіндегілерге сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.Жер сілкінісі Алматының оңтүстік-батысынан 137 шақырым жерде 13 ақпанда Астана уақытымен 18:21-де тіркелген. Жер дүмпуінің энергетикалық күші 8,7 көрсеткішін құраған. Адам шығыны мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.Еске сала кетелік, 3 ақпанда Алматы облысында 3,4 балдық жер сілкінісі орын алған болатын. Жер асты тербелісі Талдықорғаннан солтүстік-шығысқа қарайғы 166 шақырымдағы жерден тіркелген.
Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама