Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүрді: 7 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүрді: 7 адам қаза тапты © Mountain.RU

Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 

ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше қазіргі уақытта 10 әскери қызметкер құтқарылған. "Қазіргі уақытта 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің (барлығы 60 адам) оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 75 адам, яғни құтқару қызметінің жеке құрамы және жеті арнайы техника Тараз қаласынан жөнелтілген. Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жеті адамның мәйіті табылған", - деді ол. 

Еске салайық, Жамбыл облысында Көксай шатқалында 91678 әскери бөлімінің жоспарлы әскери дайындық барысында ойламаған жерден қар көшкіні жүрді. "ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетімен бірлесе отырып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Оңтүстік" өңірлік басқармасында қолбасшының басшылығымен жедел штаб құрылған. Осы оқиғаға байланысты істелген шара жайында кейінірек толықтырып хабарланатын болады", - деді ведомстводағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети