3 наурызда "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автобанының 557-шы шақырымында Van Hool автобусы Mercedes-Benz маркалы жүк көлігіне соқтығысты. Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі Tengrinews.kz сауалына жауап берді.

Ведомство мәліметінше, 24 жолаушысы болған автобус Алматыдан Оңтүстік Қазақстан облысына қарай шыққан. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жүк көлігіне соқтығысқан. Соның салдарынан 7 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
"Осы дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы ("Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау") бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды", - деді Жамбыл облыстық ІІД өкілдері.