05 наурыз 2020 | 10:43

Жамбыл облысында BMW жүргізушісі әйел мен үш айлық баланы қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Сарыкемер ауылында ер адам әйел мен оның үш айлық баласын қағып өлтірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Сарыкемер ауылында ер адам әйел мен оның үш айлық баласын қағып өлтірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, жол апаты 4 наурызда болған.

"BMW 728 маркалы көліктің 28 жастағы жүргізушісі 44 жастағы әйелді үш айлық баласымен жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен. Анасы оқиға орнында қаза тапты. Нәрестені Байзақ аудандық орталық ауруханасына жеткізген, дегенмен алған жарақатынан сәби де көз жұмды. Оқиға орнын тексеру барысында жолдың құрғақ, ешқандай ақаусыз болғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Ұсталған жүргізушінің айтуынша, әйелі екеуінің арасында жанжал шығып жүргізуші жылдамдықты күшейткен. Алдында келе жатқан көлікті айналып өту кезінде ол рөлді басқара алмай, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады. Кінәлі Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды,машина арнайы тұраққа қойылды.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети