Жамбыл облысында ер адам кездейсоқ 34 жыл бұрын үйленгенін білген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында ер адам кездейсоқ 34 жыл бұрын үйленгенін білген Фото:depositphotos.com

Жамбыл облысының тұрғыны күтпеген жерден 34 жыл бұрын үйленгенін білген. Ол некені жарамсыз деп тану үшін сотқа шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының тұрғыны күтпеген жерден 34 жыл бұрын үйленгенін білген. Ол некені жарамсыз деп тану үшін сотқа шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам 1991 жылы жауапкермен отбасын құру ниетімен бірге тұрғанын, алайда төрт айдан кейін екеуі айырылысқанын көрсеткен. Тараптар некені тіркеу үшін АХАТ (РАГС) органдарына жүгінбеген, ешқандай құжаттарға қол қоймаған және неке туралы куәлік алмаған.

2025 жылы ер адам банк қосымшасындағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінен 1991 жылы өз атына неке тіркелгені туралы ақпаратты білген. Ал 1991 жылға арналған азаматтық хал актілерін тіркеу кітабы сақтау мерзімінің аяқталуына байланысты жойылған.

"Іс материалдарын зерттеу барысында азаматтық хал актілерін тіркеу кітабында шынымен де неке тіркелгені туралы жазба бар екені анықталған, алайда ондағы қолтаңбалар талап қоюшы мен жауапкерге емес, үшінші тұлғаға тиесілі болған".

Сот отырысында талап қоюшының жақын досы әрі көршісі неке тіркеу кезінде қатыспағанын және акт жазбасына қол қоймағанын мәлімдеді. Іске үшінші тұлға ретінде тартылған АХАТ органының өкілі сот отырысына келмеген.

"Сот 1991 жылы неке тіркеу заң талаптарын бұза отырып жүргізілген деген қорытындыға келді, өйткені тараптар некені рәсімдеу кезінде қатыспаған, ал бұл заңнамада жол берілмейді. Сонымен қатар, 1994 жылы жауапкер басқа адаммен заңды некеге тұрған, ал талап қоюшы 2001 жылы басқа азаматшамен некесін тіркегені, балалары бары анықталған", - делінген хабарламада.

Сот 1991 жылғы акт жазбасында көрсетілген некені жарамсыз деп таныды.

Шешім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 509.71  course up  594.03  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети