10 сәуір 2014 17:35

Жамбыл облысында жел станцияларын құпия бұлт басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Evgeniy Petrov ©Evgeniy Petrov

Интернетте Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан жел станцияларын жұмбақ қара бұлттың басқаны түсірілген бейнежазба пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Интернетте Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан жел станцияларын жұмбақ қара бұлттың басқаны түсірілген бейнежазба пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнежазба авторы интернет-форумдарының бірінде жел станциялары ауданында көріну мүмкіндігінің мүлдем нашар болғанын жазады. "Автокөлігіміздің үстін ірі көлемдегі қара бұлт торлады. Санаулы секундтардың ішінде біз ашық шуақты күннен ымыртқа тап болдық", - дейді интернет қолданушысы. Оның мәліметінше, бұл оқиға 8 сәуір күні болған.

"ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз хатшысы Максим Рожиннің хабарлауынша, бұл оқиғаның техногенді сипаты жоқ, ол - табиғи құбылыс. "Ол жерде бұлттар жерге тым жақын келеді. Ол аумақта жарылыс болған жоқ. Бұл уақытта жол жұмыстары жүргізілмеді", - дейді ол. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары құпия бұлттардың пайда болу себептерін түсіндіріп бере алмады. Олар да бейнежазбадағы көріністің табиғи құбылыс екенін айтты.

Жамбыл облысындағы жел станцияларын басқан құпия бұлттар - сирек кездесетін атмосфералық құбылыстардың бірі ғана. Табиғатта құбыртәрізді бұлттар, тұман кезінде жарық пен су тамшысының дифракциясынан болатын ерекше кемпірқосақтар сияқты тылсым жайттар да кездесіп тұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети