Жамбыл облысында жол ережесін өрескел бұзып оны видеоға түсіріп алған жүргізушілер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында жол ережесін өрескел бұзып оны видеоға түсіріп алған жүргізушілер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Видеодағы оқиға Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қошқарата ауылында түнгі мезгілде болған. Бауыржан Момышұлы ауылының екі тұрғыны және бір жергілікті тұрғын анықталды.
"Toyota автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. 19 жастағы жүргізуші сақтандыру полисі жоқ, техникалық тексеруден өтпеген ВАЗ 21099 автокөлігін жүргізіп, басқа жүргізушілер үшін апаттық жағдай туғызғаны және жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. BMW автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі, 606-бабының 1-бөлігі бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.
Үш жүргізушіге қатысты салынған айыппұлдың жалпы сомасы 224 250 теңге болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!