18 ақпан 2017 12:41

Жамбыл облысында қар көшкінінен қаза тапқан әскерилердің есімдері белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында қар көшкінінен қаза тапқан әскерилердің есімдері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысында қар көшкінінен қаза тапқан әскерилердің есімдері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер қаза тапқан әскерилердің аты-жөнін жолдады:

кіші сержант М.Т. Қыдырбаев, 1991 жылғы,
кіші сержант А.К. Ерісбаев, 1992 жылғы,
келісімшарт қызметіндегі қатардағы жауынгер Т.К. Кенесов, 1993 жылғы,
кіші сержант А.Ж. Аралбаев, 1988 жылғы,
келісімшарт қызметіндегі қатардағы жауынгер Н.К. Шәкен, 1995 жылғы,
ефрейтор М.Б. Тұрысмағанбетов,1991 жылғы,
аға лейтенант А.К. Мошабаев, 1991 жылғы. 

Айта кетейік, қаза тапқан әскерилермен қоштасу рәсімін әскери бөлімде өткізу жоспарланып отыр. Қоштасу рәсімінен кейін қаза тапқандардың денелері туыстарына жеткізіледі. Әзірше жерлеу рәсімінің нақты қаншада басталатыны белгісіз.

Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, ауруханаға жеткізілгендердің ішінде мына әскерилер бар: Б.Б.Пернебав, 1988 жылғы оң жақ қабырға астына жарақат алған; Б.О. Аманбаев, 1990 жылғы, денесі мұздап қалған; Н.С. Мамыралиев, 1985 жылғы, жабық бассүйек ми жарақатын алып, денесі мұздап қалған; А.Т. Жұмағалиев, 1982 жылғы, бел омыртқасын жарақаттап алған; М.Н.Орынбек, 1993 жылғы, денесі мұздап қалған; Н.А.Жамалиев, 1995 жылғы. Сондай-ақ, 1995 жылғы Д.С.Тұрысбек пен 1991 жылғы Д.Құлжабаев денелері мұздап, ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, медициналық тексерістен кейін 7 әскери үйіне қайтарылды - А.К.Еділбаев, 1988 жылғы; Ж.М.Сүңгібаев, 1983 жылғы; Б.Б.Әсембеков, 1993 жылғы, А.Б.Аюбеков, 1993 жылғы, Х.С.Сағындық, 1993 жылғы, У.Қайырбекұлы, 1994 жылғы, Р.А.Балқыбаев, 1989 жылғы және Б.О Түймебеков, 1981 жылғы.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын."Қазіргі уақытта 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің (барлығы 60 адам) оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 75 адам, яғни құтқару қызметінің жеке құрамы және жеті арнайы техника Тараз қаласынан жөнелтілген. Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жеті адамның мәйіті табылған", - деген еді ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Ал кейінірек Бақытжан Сағынтаевтың Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын өз бақылауына алатыны хабарланған болатын. 



Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети