Жамбыл облысында қар құрсауында қалып қойған 147 адам құтқарылды

23 Желтоқсан 2016, 19:12
0
Жамбыл облысында қар құрсауында қалып қойған 147 адам құтқарылды -

Жамбыл облысында қар құрсауында қалып қойған 147 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, 23 жеңіл көлік пен 4 жүк көлігінің құтқарылғаны айтылады.

"56 адам Б.Момышұлы ауылындағы Герцен мектебінің жылыту пунктіне орналастырылды. Олардың 20-ы балалар. Балалар Айша бибі атындағы орта мектепке жеткізілді. Қазіргі уақытта жолдарды ашу үшін 150 дана техника жұмылды. Зардап шеккендер жоқ", - деді облыстық ТЖД өкілдері.

ТЖД өкілдерінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты Жамбыл облысындағы Айша бибі күзет орнынан бара жатқандағы "Алматы-Ташкент" тасжолы жабылды.

"Қазіргі уақытта "Күйік" пен "Шақпақ-ата" асуында алты жүк көлігі мен он екі жүк көлігі қар құрсауында қалып отыр", - деп хабарлады құтқарушылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкент - Тараз тасжолында ауа райының бұзылып, ондаған жүк көлігі тұрып қалғаны хабарланған болатын. Куәгердің мәліметінше, кептелістің негізгі бөлігі Тараздан шығаберісте екен. Көптеген жүргізуші түннен бері жолда тұрған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай