Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде көлік ішіне салынған газ баллоны жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде көлік ішіне салынған газ баллоны жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖ 14 мамырда жекеменшік үйдің ауласында болған. "14 мамыр сағат 16:45-те Аса ауылы Жетітөбе көшесіндегі жекеменшік үйдің ауласында тұрған "Митцубиси Монтеро Спорт" маркалы көлікте 80 литрлік газ баллоны жарылып, өрт шықты. Өрт 17:00-де ауыздықталып, 17:28-де сөндірлді. Өрт сөндіруге төрт адам және бір арнайы техника жұмылдырылды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Оқиға салдарынан 24 жастағы ер адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.