Жамбыл облысында ауыл молдасы көршісін пышақтап, артынан өзі асылып қалған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында ауыл молдасы көршісін пышақтап, артынан өзі асылып қалған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұл оқиға Жамбыл ауданына қарасты Бесағаш ауылында болған. Телеарнадағылардың мәліметінше, марқұм болған 51 жастағы молда ауылда 15 жылдан бері мешіт имамы болып келген.
Ауылдасын пышақтаған ауыл имамының нағашы ағасы Сағидолла Сатыбалдиев жиенінің жат қылығы болмағанын айтады. Өзі де сол мешітте азаншы болғандықтан, тек ашуға тез берілетінін байқаған. Оқиға қорада болған деп отыр.
"Бас имамның бар еді ызақорлығы. Келіспеушілік болғанда өздерінің отбасы ғой, анау бойдақ мына жақтағысы - Қанат деген жігіт. Мына жақта мынау үйленген 3 баласы бар", - дейді имамның нағашы ағасы Сағидолла Сатыбалдиев.
Бұл оқиғаға қатысты облыстың бас имамы сұхбат бермеді. Алайда телеарна тілшісімен телефон арқылы тілдескенде мүфтият өкілі "отбасылық жанжал" деп түсіндірген.
"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша және өз-өзіне қол жұмсап, асылып қайтыс болуына қатысты 105-баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал облыс әкімдігінің Дін істері басқармасы да бұл тұрмыстық мәселеден туған жанжал екенін жазбаша мәліметпен растады", - деді Жамбыл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Дәулетжан Бектенбаев.
Ресми мәліметте ауыл имамы Мұса Сүлейменов, әріптесі әрі көршісі Қанат Дөненбаевты ас үй пышағымен ұрғаны айтылған.