Жамбыл облысында Наурыз мейрамында үріккен жылқы адамдарға шапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Жамбыл облысы Қызылшаруа ауылында Наурыз мерекесі кезінде сахна алдында отырған адамдарға шапқан жылқының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Қызылшаруа ауылында Наурыз мерекесі кезінде сахна алдында отырған адамдарға шапқан жылқының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

"22 наурызда әлеуметтік желілерде жылқы үркіп, шабандозды жығып, көпшілікке шапқаны туралы видео жарияланды. Бұл оқиғаны полиция тіркеді", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, азаматтар ауыр дене жарақатын алмаған және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

"Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді, жануардың иесі анықталды, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, тосын оқиға 22 наурызда Жамбыл облысы Қызылшаруа ауылында болды. Наурыз мерекесін тойлау кезінде жылқы адамдарға шапқан.

Жергілікті билік зардап шеккендер жоқ екеніне сендірді, ал болған оқиғадан кейін мерекелік іс-шара жалғасқан. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети