Жамбыл облысында жолаушылар автобусы тас жолда тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында жолаушылар автобусы тас жолда тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің хабарлауынша, сенбі күні түсте кезекшінің пультіне хабар келіп түскен. Техникалық ақауға байланысты автобус Мерке ауданы, Аспара ауылынан 15 шақырым жерде тоқтап қалыпты. Салонда Өзбекстанның 44 азаматы болған. Құтқарушылар сол жерге шұғыл аттанды. Жолаушылардың барлығы Аспара ауылындағы №2 ОМ жылыту пунктіне жеткізілді", - деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мамандары.
Ведомствоның мәліметінше, автобус ОҚО Сарыағаштан Алматыға кетіп бара жатқан. 44 жолаушының барлығын сол күні кешке алматылық жұмыс беруші алып кетті. Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облыстық ТЖД дауылды ескерту жариялаған. Хабарламада Жамбыл облысы мен Таразда 24-29 қаңтар аралығында минус 30 градус аяздың болатыны айтылған.
© Жамбыл облыстық ТЖД