Жамбыл облысында полицей қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында полицей қаза тапты Фото: instagram.com/zhambyl_police/

Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 11 ақпанда сағат 19:40-та Алматы-Ташкент тасжолының 203-шақырымында болған. Volkswagen Passat маркалы көліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік көлікпен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан қызметтік көлікте болған екі полиция қызметкері әртүрлі дене жарақаттарымен Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

"Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпанда аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.

Полиция аға лейтенанты Абай Үшкемпір ішкі істер органдарында 2017 жылғы 14 желтоқсаннан бері қызмет атқарған, ал қазіргі қызметіне 2025 жылғы 6 ақпанда тағайындалған. Қызмет еткен жылдары ішінде 9 мәрте марапатталған.

Жамбыл облысы Полиция департаменті марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети