Жамбыл облысында Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Өңірлік полиция апаттың мән-жайын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жүру бөлігін жауып қалған. Осыдан кейін оның бүйір бөлігіне Volkswagen соғылған.
Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті.
"Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Жамбыл облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және республикалық маңызы бар автожолдарда ерекше мұқият болуға шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!