8 қаңтарда Жамбыл облысының полицейлері "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолының бойындағы дәретханаға жаңа туған сәбиін тастаған келіншекті тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Сәбиді өлтіруге оқталды деп күдікке ілінген адам Тұрар Рысқұлов ауданының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол ұсталды. Қылмыстық істің мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты айтылмай отыр. Баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның жай-жапсарын кейінірек жария ететінін хабарлады.
Еске салайық, Жамбыл облысында жол бойында тұрған дәретханадан нәресте табылған болатын. Нәжіске малынып, шырылдап жатқан шақалақты дәрет сындыруға тоқтаған жүргізушінің бірі байқап, дереу дәрігерлерді шақыртыпты.
© CEN