07 қыркүйек 2021 | 15:09

Жамбыл облысындағы жарылыста зардап шеккен әскери қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар салдарынан тағы бір әскери қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар салдарынан тағы бір әскери қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметкері 1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған. Ол қоймадағы өртті сөндіруге кіріскен алғашқылардың бірі болған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болғаны хабарланған еді. Салдарынан жалпы саны 15 адам қаза тапты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды марапаттаған. 

Ал Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная