Жамбыл облысында жарылыс болды: әскери қойма өртеніп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыс кадрлары. © Куәгерлер жолдаған суреттер Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыс кадрлары. © Куәгерлер жолдаған суреттер

Жамбыл облысында әскери қойма өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында әскери қойма өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәгерлер қойма өртеніп жатқанын хабарлап жатыр. Олардың айтуынша, Тараз маңында әскери қойма өртенген. "Таразға барар жолда әскери қойма өртеніп жатыр. Көлікте соққы толқыны сезілді", - деді куәгер.

Кейін Қорғаныс министрлігі өкілдері оқиғаны растап, өрт сөндіріліп жатқанын мәлімдеді.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгіленбеген заттар жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары, шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері көмек көрсетіп жатыр", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Өрт ошағын жою жалғасып жатыр. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

"Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтің басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді", - деп толықтырды ведомство.

Еске салайық, 2019 жылдың наурыз айында Арыс қаласындағы қоймада жарылғыш заттар жанып, утилизацияланған оқ-дәрілер жарылған еді. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алды. Қоймадағы жарылыстың себебі - дұрыс сақтамау және жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer