Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: сейсмологтар мониторингті жалғастырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: сейсмологтар мониторингті жалғастырып жатыр ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ сейсмологтары Жамбыл облысында мониторингті жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖМ сейсмологтары Жамбыл облысында мониторингті жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сейсмологиялық станциялар желісі Меркі ауданында эпиорталық аймағында орналастырылған. Триангуляция әдісімен жұмыс істейтін үш қосымша жылжымалы станция орнатылған. Олар эпиорталықтан 30-80 шақырым радиуста: олар жер қыртысының қозғалысын, жер асты микродүмпулерді және жер асты шуларын анықтайды.

"Бұл деректер афтершок белсенділігін егжей-тегжейлі зерттеуге және қауіпті бағалауға мүмкіндік береді. Жиналған деректер жедел түрде сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссияның талдауы мен жұмысы үшін Орталық сейсмикалық обсерваторияға беріледі. Нәтижесінде қорытынды дайындалып, Қазақстан ТЖМ Командалық орталығына жіберіледі. Бұл нақты уақыт режимінде жағдайды талдауға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет шараларды қабылдауға мүмкіндік береді", - деді ТЖД өкілдері.

Қазір Жамбыл облысында ТЖМ СБЗҒО 9 сейсмологиялық станциясы жұмыс істейді.

Ведомство мәліметінше, ТЖМ жағдайды бақылауда ұстап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажет шараны қабылдап жатыр.

Еске салайық, 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.

Астана уақытымен сағат 15:56-да тағы бір жер сілкінісі болды.

Бұған дейін Үкіметтік жұмыс тобы жағдайды сараптап, бағалау және шара қолдану үшін Жамбыл облысына жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети