Жамбылдағы жарылыс: бетіне терезе сынығы тиген әйел жағдайын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбылдағы жарылыс: бетіне терезе сынығы тиген әйел жағдайын айтты Видеодан алынған кадр

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін мейрамхана ішінде терезе шағылып, әйелдің бетіне шашылғаны түсіп қалған видео көпшілікті бей-жай қалдырмады. Зардап шеккен әйел қазір жағдайы қандай екенін айтып, алаңдаған адамдарға алғысын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін мейрамхана ішінде терезе шағылып, әйелдің бетіне шашылғаны түсіп қалған видео көпшілікті бей-жай қалдырмады. Зардап шеккен әйел қазір жағдайы қандай екенін айтып, алаңдаған адамдарға алғысын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Видео кейіпкерінің айтуынша, ол әріптесімен бірге жұмыстан кейін Тараздан 30 шақырымдай жерде орналасқан кафеге барған.

"Көлікпен келе жатқанда мен қою қара түтін шығып жатқанын көрдім және дала өртеніп жатқан болар деп ойладым. Мен тіпті ол жақта әскери қойма бар екенін де білмеймін. Жарылыс естілгенде тапсырыс беріп енді ғана болған едік. Не болғанын көру үшін тұрып, терезеге қарадым. Бұлай болады деп ойлаған жоқпын", - дейді әйел.

Оның айтуынша, жарылыс кезінде терезе сынығы бетіне шашырап, құлағы бітеліп қалған.

"Есеңгіреп қалдым. Ауруханаға бармай, бірден қалаға, дәріханаға бардық. Бетімдегі әйнек сынықтарын өзім алыдым. Он шақты әйнек сынығын алдым. Үйге келген соң, жараны жуып, таңдым. Қатты шошынып қалғандықтан, ешқайда шықпай үйде отырдым, ұйқтай алмадым, тіпті жұмысқа да бармадым. Туыстарымның көбі маған не болғанын әлі білмейді", - дейді ол.

Зардап шеккен әйел қазір жағдайы жақсы екенін айтып, жағдайын сұрағандарға алғысын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Айта кетейік, бұған дейін Желіде Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін мейрамхана ішінде түсірілген видео тарады. Онда жарылыстан кейін ғимараттың терезесі шағылып, әйелдің бетіне шашылған.

Видео әскери бөлімшеге жақын орналасқан дәмхананың бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети