Қазнетте Рудныйда 8 қазанда болған жол апатының видеосы тарап жатыр. Кейбір қолданушылар жасөспірімнің әрекетін жаңадан шыққан ойын деп түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазнетте Рудныйда 8 қазанда болған жол апатының видеосы тарап жатыр. Кейбір қолданушылар жасөспірімнің әрекетін жаңадан шыққан ойын деп түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода жасөспірім қасақана өтіп бара жатқан көлікке жүгіргендей көрінеді. Осыған байланысты мессенджерлерде жүргізушілерге "жастар арасында жаңа ойын шыққан: тұрып, тұрып, көліктің астына жүрігеді" деп ескертілген аудио хабарлама тарай бастады", - деп жазады "Наша газета".
Қостанай облысының полицейлері редакциямызға жаңа ойын туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп бара жатып, кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Полиция бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеуді бастады", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!