"Жаңажол" кен орнында төтенше жағдай салдарынан "Октябрьскнефть" мұнай газ өндіру басқармасының қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды "Диапазон". Оқиға 2018 жылы 22 ақпанда болған.
"Жаңажол" кен орнында төтенше жағдай салдарынан "Октябрьскнефть" мұнай газ өндіру басқармасының қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды "Диапазон". Оқиға 2018 жылы 22 ақпанда болған.
Қызметкерлер скважинада ауа шығаратын сорғыны ауыстырып жатқан. Болжаммен, "СНПС-Актобемунайгаз" мәліметінше, құрамында күкіртті сутек бар су атқылаған.
"Бұл 3410 скважинасында болды. Бұл ұңғымада қабаттағы қысымды реттеу үшін су қуу керек болған. "Октябрьскнефть" МГӨБ қызметкерлері сорғымен технологиялық жұмыстар істеп жатқан. Бірінші жеткен мәлімет бойынша, күкіртті сутек бар су атқылаған. Төтенше жағдай салдарынан бір адам қаза тапты, екіншісі ауыр халде жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құзырлы органдармен бірге тексеру жұмыстары жүріп жатыр, зардап шеккендерге көмек көрсетіледі", - деді "СНПС-Актобемунайгаз" АҚ бас директорыдың әкімшілік басшысының орынбасары Юрий Шикарев.