25 ақпан 2014 | 16:51

Жаңақорғанның 8 ауылын топан су басуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Жаңақорған ауданында тағы 8 ауылды топан су басуы мүмкін. Енді ауданның тау беткейінде орналасқан 8 ауылдық округі аумағына топан су жайылу қауіпті төніп тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгінгі таңда аталмыш ауылдарда сақтық шаралары күшейтілген. Онда арнайы жауапты сала мамандары тәуліктік кезекшілікке жұмылдырылған. Аудан әкімі Сұлтанбек Тәуіпбаевтың айтуынша, аудандағы 4 су тоспасының үшеуі ернеуінен асудың аз-ақ алдында тұр. Қазір тек Талап ауылының жоғары тұсындағы «Бесарық» су қоймасында ғана су жинауға болады екен. Оның көлемі бар болғаны 15 млн текшеметр суды жинауға арналған. Қазір онда 5,5 млн текшеметр су бар. Жаңақорғанның тау беткейінде аудан тұрғындарының жартысына жуығы мекен етеді. Онда Сунақата, Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Бірлік, Қыраш, Қосүйеңкі, Талап және Кеңес ауылдары орын тепкен. Ендігі кезекте сол ауылдарға топан су қаптамауына баса назар аударылмақ. Қазір жергілікті жерде қар қалың. Сондай-ақ, оңтүстік аймақ болғандықтан, қыс мезгілінде де жауын жиі жаууда. Бұл топан судың жүруіне алып келуі әбден мүмкін.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети