15 қазан 2015 | 14:04

Жаңаөзенде 20 жастағы сарбаздың денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Лада" © "Лада"

Жаңаөзенде жедел қызметі сарбазының денесі табылды, - деп хабарлайды "Лада".


Иконка комментария блок соц сети

Жаңаөзенде жедел қызметі сарбазының денесі табылды, - деп хабарлайды "Лада".

Порталдың мәліметінше, әскери бөлімнің төртінші қабатындағы жуынатын бөлмеден сарбаздың мәйіті табылған. Қазіргі таңда оның өлімінің себептері мен жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ІІМ батыс өңірінің әскери-тергеу басқармасының басшысы Бақытқазы Жүнісжановтың айтуынша, қатардағы сарбаз 1995 жылғы Қызылорда облысының тумасы.

"Ол белдігіне асылып қалған күйі табылды. Жігіт әскер қатарына мамыр айында алынған, бар болғаны бес ай борышын өтеді. Сабақ кезінде сарбаз дәретханаға сұранып, шығып кеткен. Сапқа тұрғызу кезінде ол болмай шықты, осыдан кейін оны іздеу басталды. Жарты сағаттан кейін оны өзге сарбаздар тауып алды", - дейді Жүнісжанов.

Оның айтуына қарағанда, сарбаздар жедел жәрдем келгенше оның денесін алып шығып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан, алайда дәрігерлер оның қаза болғанын жеткізді.

"Денесінде ешқандай жарақат болған жоқ. Қазіргі таңда сот тергеу сараптамасы тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, бөлімдегі қарым-қатынастарға қатысты және оның өз-өзіне қол салумен аяқталуы туралы нұсқалар тексеріліп жатыр. Әзірше ондай дерек жоқ. Қаза тапқан сарбаздың денесі туған жеріне жіберілді", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети