Жаңаөзенде 42 жастағы жүргізуші әйел мектеп оқушысын қағып кетті, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Жаңаөзенде 42 жастағы жүргізуші әйел мектеп оқушысын қағып кетті, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, оқиға 30 қазанда болған. Toyota Land Cruiser 200 автомобилі мектепке жақындап қалған жеті жасар баланы басып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға Жаңаөзенде бір апта бұрын да болған. Онда көлік астына жеті жасар оқушы қыз түсті. Ол бассүйек-ми жарақатымен және басқа да жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Ол кезде де автомобиль қызды мектеп жанында қағып кеткен.